Ұлттық қауіпсіздік сертификаты балаларды қауіпті контенттен, ал құрылғыларды вирустар мен хакерлік шабуылдардан қорғайды. Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі осылай дейді.
Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, сертификатты ұялы телефонға орнату баланы анайы материалдардан, экстремистік, террористік көзқарастардан сақтауға септігін тигізеді. Ең бастысы осы арқылы ақпараттық қауіпсіздік мәселерін шешуге болады.
"Оны орнату әркімнің өз еркі. Бірақ балаңа уайымдасаң, қажетсіз, қауіпті материалдардан сақтағыңыз келсе, орнатқан жөн. Сондай-ақ, қазіргі таңда ғаламторда кейбір сайттарға хакерлік шабуылдар жасалып тұрады. Сертификат оған жол бермейді, әрі түрлі вирустардан сақтайды",– дейді ҚР Асқар Жұмағалиев.