Қауіпсіздікке басымдық беріледі

Алматының Түрксіб ауданының жолдарына 585 камера орнатылады.

Қауіпсіздікке басымдық беріледі Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты. 

Алматыда жол қауіпсіздігін күшейтуге қазір қаланың барлық аудандарын қамтитын жолдардағы камералар көмектеседі. Ерболат Досаевтың айтуынша, 2023 жылдың 5 айында Түрксіб ауданында 96 "Сергек" АӨК орнатылған. 

"Бұдан басқа, Түрксіб ауданында адамдар көп жиналатын орындарда видеомониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында жыл соңына дейін тағы 585 камера орнату жоспарлануда", – деді мегаполис басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу