Қауіпті "аттракцион": Каспий теңізінде экскаватормен жүргендер жазаланды

490

Жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсінік берді.

Қауіпті "аттракцион": Каспий теңізінде экскаватормен жүргендер жазаланды Фото: видео скриншот

Ақтауда Каспий теңіздегі адамдарды шомылдырған 29 жастағы экскаватор жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Оған арнайы техникаға арқан байлап, теңізге шомылатын “аттракцион” жасағаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ," аттракционға" қатысушыларға түсіндірме жұмысы өткізілді.

Полиция қызметкерлері 28 тамызда әлеуметтік желілерде таратылған бейнежазбаға жауап бергенін хабарлады. Ақтау полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері экскаватор жүргізушісінің жеке басын анықтады.

“29 жастағы жүргізушіге екі хаттама жасалды: ҚР ӘҚБтК 593-бабымен жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау және ҚР ӘҚБтК 620-бабы жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу бойынша жауапқа тартылды”, - деп хабарлады полиция департаменті. 

Аталған баптар ескерту жасауға немесе 5 және 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде тараған видеода экскаватор жүргізушісі шелекке байланған арқанға ілінген адамдарды айналдырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу