Қауіпті отшашуларды қолданғаны үшін қазақстандықтарға 3,4 млн теңге айыппұл салынды

365

Оның 3,1 млн теңгесі өндіріп алынды. 

Қауіпті отшашуларды қолданғаны үшін қазақстандықтарға 3,4 млн теңге айыппұл салынды Фото: nur.kz

2022 жылы Қазақстанда елдімекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану бойынша 92 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 28,1%-ға төмен, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 
 
Ресурстың жазуынша, оның 76-сы бойынша әкімшілік жаза қолданылып, қалған 16 іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

76 істің ішінде 70-і бойынша айыппұл салынып, алты іс бойынша ескерту жасалды. Айыппұлдың жалпы сомасы 3,4 млн теңгені құрап, 3,1 млн теңге өндіріп алынды.

Республика бойынша құқық бұзушылықтардың ең көп саны Алматы және Павлодар облыстарында тіркелді. Одан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан (10 жағдай) және Қостанай (8 жағдай) облыстары орналасты.

Ұлытау, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында бірде-бір құқық бұзушылық қаралмады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу