Қауіпті жұмыс үшін арнайы төлем: оны қалай алуға болады?

401

Арнайы әлеуметтік төлемдерге құқық қызметкер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды.

 Қауіпті жұмыс үшін арнайы төлем: оны қалай алуға болады? Фото: Inbusiness.kz

"БЖЗҚ" АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін, олар 55 жасқа толған және олар үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - МКЗЖ) жиынтығында кемінде 84 ай төлеген кезде 2024 жылы 1 қаңтардан бастап мына төлемдер енгізілді:  

1. еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын (жұмыс істейтін) жоғарыда аталған адамдар үшін арнайы әлеуметтік төлем, оның құрамы мынадай:
1) арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы (республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейі (ТК) мөлшерінде тағайындалады және 2024 жылы 86 814 теңгені (2*43 407) құрайды);
2) зейнетке шығу алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінен (сақтандыру ұйымы қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары есебінен 2024 жылы – 43 407 теңге мөлшерінде тағайындайды);
3) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем (жұмыскер еңбек шартын бұзған немесе еңбек жағдайларын өзгерту туралы еңбек шартына қосымша келісім жасасқан жұмыс беруші 2024 жылы – 43 407 теңге мөлшерінде 1 ТКД тағайындайды);
4) БЖЗҚ-дан МКЗЖ және (немесе) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі (жоғарыда аталған тұлғалардың оларды алуға келісімі болған жағдайда (зейнетақы төлемдерінің мөлшері БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының мөлшеріне байланысты болады).

Арнайы әлеуметтік төлемдерге құқық қызметкер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек ететін (жұмыс істейтін) адамдарға арнайы әлеуметтік төлем алу үшін жұмыс берушіге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру немесе еңбек шартын бұзу туралы өтініш беру қажет. Қызметкерді зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру немесе еңбек шартын бұзу туралы мәліметтер жұмыс берушіден ҚР ЕХӘҚМ ақпараттық жүйесіне келіп түседі. Осы деректердің негізінде арнайы әлеуметтік төлемге кіретін жоғарыда көрсетілген төлемдердің барлық түрлерін тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетілетін болады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан МЗЖ және МКЗЖ есебінен немесе тек МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алуға келісімді 1414 нөмірінен жіберілген тиісті SMS-хабарламаға жауаппен растау қажет. 

Осылайша, арнайы зейнетақы төлемін алушы жұмыс берушіге өтінішпен жүгінгеннен кейін ХҚКО-ға, БЖЗҚ-ға арнайы зейнетақы төлемін ресімдеу үшін жүгінудің қажеті жоқ, SMS-хабарламаға жауап беру жеткілікті.

2. зиянды еңбек жағдайларында еңбек етпейтін (жұмыс істемейтін) адамдар үшін:
1) арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
2) жоғарыда аталған адамдардың оларды алуға келісімі болған кезде БЖЗҚ-дан МКЗЖ және (немесе) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі. 

Бұл ретте ағымдағы 2024 жылғы жағдай бойынша зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек етпейтін (жұмыс істемейтін), пайдасына жиынтығында МКЗЖ кемінде 84 ай төленген 55 жасқа толған тұлғалар республикалық бюджет қаражаты және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері есебінен арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға тиісті өтінішпен жүгінуі қажет. Төлемдерді алуға берілген өтініште БЖЗҚ-дан төлемдерді алуға өзінің келісімін беретінін көрсету қажет болады.

Үш көзден тағайындалған төлемдердің мөлшері (арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы, сақтандыру төлемі және жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем түріндегі бюджет қаражаты есебінен) жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына барабар өсетініне және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткенге дейін жүзеге асырылатынына назар аударамыз. 

БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері МКЗЖ есебінен де, МЗЖ есебінен де қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының мөлшеріне қарай есептелетін болады.

Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері МКЗЖ, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасын (оларды алуға келісім болған жағдайда) 6,5% көбейту және 12-ге бөлу жолымен айқындалады. Жыл сайын БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5%-ға индекстелетін болады және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

01.02.2024ж. жағдай бойынша БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде 1388 алушыдан шамамен 2387 өтініш тіркелді, олар туралы мәліметтер тиісті келісім шеңберінде ҚР ЕХӘҚМ ақпараттық жүйесінен БЖЗҚ-ға келіп түсті.

  • БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу