Қауіпті жұмысы үшін табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төленбек

552

Өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстарды атқаратын табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төленуі мүмкін.

Қауіпті жұмысы үшін табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төленбек Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйырығында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҚР Мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларының, балық шаруашылығы су айдындары немесе учаскелерін балықтандыру бойынша өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық ақыдан 100% мөлшерде қосымша ақы төленсін", - делінген бұйырық жобасында.

Құжат 25 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу