Кавасакиге ұқсас аурудан екі бала көз жұмды

904

Олар небәрі екі-үш жаста болған. 

Кавасакиге ұқсас аурудан екі бала көз жұмды

Елімізде алғаш рет Кавасакиге ұқсас дерттен екі бала көз жұмды. Бұл туралы Педиатрия ғылыми орталығының басқарма төрағасы Риза Боранбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, сәбилерде бір апта бұрын коронавирус анықталған. Сондай-ақ, қызыл жегімен де ауырғаны белгілі болды. Алайда ата-анасы оларды емханаға дер кезінде жеткізбеген.

Осының салдарынан, ақ халаттылар нәрестелерді аман алып қала алмады. Қантамырлардың қабынуынан туындайтын бұл ауруға көбіне балалар шалдығады. Қазір, коронавирус  жұқтырған нәрестелер арасында кең таралуда.

Ел ішінде Кавасаки диагнозына ұқсас аурумен 41 бала емханаға түскен. Оның 37-і толықтай жазылып шықты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу