KAZ Minerals тобы 2017 жылғы жоспарын жария етті

864

KAZ Minerals тобы 2017 жылғы жоспарын жария етті

Бозшакөл мен Ақтоғайдағы өндірістің артуын ескере отырып, бүкіл топтың мыс өндірісі бойынша жылдық жоспарлы аралығы айтарлықтай үлкен  – 225-260 мың тонна болып бекітілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Бозшакөл КБК бөліп алуды арттыру мен өнімділікті жоғарылату мақсатында флотациялық процесті жақсарту жоспарланған. Кеніш жылдың екінші жартысында толық қуатына жетіп, 2017 жылы 95-110 мың тонна концентраттағы тауарлы мыс өндіреді деп күтілуде. Ақтоғай КБК-де бозшакөлдік тәжірибені қолданып, мұнда 45-65 мың тонна концентраттағы мыс өндіруді жоспарлап отыр. Сульфидті кендерді өңдейтін Ақтоғай фабрикасы жобалық өндіріс деңгейіне 2017 жылдың екінші жартысында жетеді деп көзделген. Ақтоғайдағы тотыққан кеннен мыс өндіретін кешен бүгінгі күні 100% қуатымен жұмыс істеп тұр және жыл соңына қарай катодты мыстың өндіріс көлемі 20 мың тонна болады деп жоспарланған", – делінген таратылған хабарламада.

Компанияның дерегіне сүйенсек, Шығыстүстімет пен Бозымшақта 65 мың тоннаға жуық катодты мыс  шығару жоспарланған (2016 жылы бұл көрсеткіш 77,4 мың тонна құраған). 2016 жылдың желтоқсан айында Юбилейно- Снегирихин шахтасының тоқтауы мен Орлов шахтасындағы техникалық жұмыстарға байланысты болды өндірісте төмендеу болған (салдарынан Шығыстүстіметтің ірі кәсіпорындарының бірі аптасына алты күн жұмыс істеуге мәжбүр).

"2017 жылы 135-170 мың унция, оның ішінде Шығыс өңір мен Бозшакөлден 50-60 мың унция, Бозшакөлден 85-110 мың унция алтын өндіруді жоспарлап отыр. Күміс өндіру жоспары - 2,75-3,00 млн унция. Концентраттағы мырыш өндіру деңгейі 70-75 мың тонна болып белгіленді", – деп атап көрсетті компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу