KAZ Minerals тобы мыс өндірісін 16 пайызға арттырды

614

KAZ Minerals тобы мыс өндірісін 16 пайызға арттырды

2017 жылдың 1 тоқсанында KAZ Minerals Тобы 52,1 мың тонна мыс өндірді. Бұл 2016 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 16%-ға, ал 2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 130%-ға артық, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Компания сульфидті кен өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасының сәтті іске қосылуының және Бозшакөл кен байыту фабрикасындағы өндірістің үдеуінің арқасында осындай өсімге қол жеткізді.

Топ 16,9 млн тонна кен өндірді. Бұл көрсеткіш өткен тоқсанмен салыстырғанда 27%-ға, ал былтырғы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 59%-ға артты. Бұл 16,9 млн тонна кеннің 7,7 млн сульфидті кені Ақтоғай мен Бозшакөлдің фабрикаларында қайта өңделді, 4,2 млн тонна оксидті кен Ақтоғайдағы шоғырлы сілтісіздендіру панельдеріне жүктелді, ал 5,1 млн тонна каолин балшығы бар кен Бозшакөлде қоймаланды. Қайта өңделген кендегі мыстың үлесі – 0,80%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу