Қаза болған өрт сөндірушінің отбасына қажетті көмек көрсетіледі – Ұранхаев

612

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданында көз жұмған өрт сөндірушінің отбасына қажетті көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Қаза болған өрт сөндірушінің отбасына қажетті көмек көрсетіледі – Ұранхаев

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аймақ басшысы тілсіз жаумен күресте ерлікпен қаза болған Айдос Тоғызбаевтың отбасымен кездесіп, марқұмның мезгілсіз қазасына байланысты көңіл білдірді.

"Айдос Ерланұлының жарқын бейнесі жерлестерінің жадында мәңгі сақталады. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады", – деді Нұрлан Ұранхаев.

№22 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаев азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бері еңбек еткен. Артында әйелі мен 5 баласы қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу