Қаза тапқан кеншілердің отбасына барлық көмек көрсетіледі

Қазіргі уақытта шахтадағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

Қаза тапқан кеншілердің отбасына барлық көмек көрсетіледі Фото: istockphoto.com

Ұлытау облысының әкімдігі марқұм жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына барлық жағдай жасалатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оларға психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан да қажетті қолдау көрсетілмек. Мұны қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқан облыс әкімі Дастан Рыспеков айтты. 

– Қайғылы оқиға баршамыздың жүрегімізге ауыр тиді. Бұл жағдай – бірнеше отбасы үшін орны толмайтын қаза.

Қайтыс болған кеншілердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қасірет баршамыз үшін оңайға соққан жоқ.

Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады, – делінген көңіл айту жеделхатында.

Бұған дейін Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалғанын жазғанбыз.

Одан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу