АҚШ-та Висконсин штатындағы мектепте атыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Висконсин штатының әкімшілік орталығы Мадисон қаласындағы мектепте болған. Қаза тапқандар арасында бір мұғалім, бір оқушы және шабуыл жасады деген күдікке ілінген бала да бар. Жергілікті полицияның дерегінше, күдікті осы мектепте оқыған. Полиция оқиға орнына келгенде күдіктінің денесі табылды. Тәртіп сақшылары қару қолданбадық деп отыр.
Мектепте барлығы 390-ға жуық оқушы білім алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу