"Қаза тапқандар бар": Венгриядағы мұнай зауытында жарылыс болды

Бұл туралы елдің премьер-министрі Петер Мадьяр мәлімдеген.  

"Қаза тапқандар бар": Венгриядағы мұнай зауытында жарылыс болды Фото: newsukraine.ua

Index жаңалық порталының жазуынша, оқиға орнына 3 құтқару тікұшағы жіберілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

MOL мұнай компаниясының зауытындағы жарылыстан зардап шеккендер де бар.

Оқыс оқиға Тисауйварош қаласында болған. Жергілікті БАҚ зардап шеккендер саны әлі де артуы мүмкін екенін айтады.

– Бүгін таңертең Тисауйвароштағы MOL зауытында техникалық жөндеуден кейін іске қосу кезінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қаза тауып, тағы 7 адам ауыр күйік алған. Қазір зақымданған құбырда жалын атқылаған өрт ошағы байқалып отыр, – деді Венгрия премьер-министрі.

Сонымен қатар, ол Венгрияның энергетика министрі мен MOL компаниясының басшысы оқиға орнына барғанын айтты.

Қазіргі уақытта тұрғындарды қорғау бойынша арнайы шараларды енгізу қажеттілігі жоқ болып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу