Қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіледі – Президент

941

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда болған ұшақ апатына байланысты Ақордада шұғыл кеңес өткізді.

Қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіледі – Президент Фото: 24.kz

Жиында қаза болғандардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды, деп хабарлайды 24.kz.

"Құрметті әріптестер! Өздеріңізге мәлім Алматы маңында ұшақ апаты болды. Қазіргі мағлұмат бойынша 12 адам қаза апты. Біразы зардап шекті. Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккен адамдарға қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл мәселемен Үкімет айналысады. Ал енді қайтыс болғандарды орнымыздан тұрып бір минут үнсіздікпен еске алайық",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу