Қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден қаражат бөлінеді – Асқар Мамин

1078

Үкімет басшысы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, ал зардап шеккендерге тезірек сауығуды тіледі. 

Қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден қаражат бөлінеді – Асқар Мамин Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Bek Air әуе компаниясы ұшағының құлау себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өткізілді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Үкімет басшысы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, ал зардап шеккендерге тезірек сауығуды тіледі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған Үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала нәтижелері туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Р. Скляр, сотқа дейінгі тергеу амалдары және оқиға орнында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, зардап шеккендердің жағдайы туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов баяндады. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, барлық зардап шеккендерге қажетті қаржылай көмек көрсетіледі",– деді Асқар Мамин. 

Премьер-министр Ішкі істер министрлігіне Bek Air әуе компаниясының ұшағының құлауына байланысты толық сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуді, Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккендердің тезірек сауығып шығуы үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. 

"Апат себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия 2020 жылдың 10 қаңтарына қарай өз жұмыстарының алдын ала қорытындыларын ұсынуға тиіс", – деп нақтылады Асқар Мамин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу