Қазақ тілі уақыт өте келе ұлтаралық қатынас тіліне айналады – Мемлекет басшысы

1944

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тілінің уақыт өте келе ұлтаралық қатынас тіліне айналатынына сенімді.

Қазақ тілі уақыт өте келе ұлтаралық қатынас тіліне айналады – Мемлекет басшысы

"Ұлттың бірлігі – оның әр алуандығында. Біз елдегі этностық топтардың тілдері мен мәдениетін дамытуға әрі қарай да жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтеміз. Ол ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналатын уақыт келеді деп сенемін ", – деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Айта кетсек, еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу