Қазаэронавигация "Бек Эйр"-дің мәлімдемесін терістеді

917

"Бек Эйр" әуе компаниясы Алматыдағы әуе апатына ұшақтардың ұшып шығу интервалы бұзылғанын жариялаған болатын.  

Қазаэронавигация "Бек Эйр"-дің мәлімдемесін терістеді

"Қазаэронавигация" РМК Алматы маңындағы "Бек Эйр" әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатына байланысты ақпаратты терістеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазаэронавигация" РМК Алматы маңындағы ұшақ апатынан көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айта отырып, зардап шеккендерге тезірек сауығуын тілейді.

"Қазіргі таңда БАҚ-та "Бек Эйр" ұшағының бұрын ұшып шыққан әуе кемесінің бағыттас ізіне түсіп кеткені туралы ақпарат тарады. "Қазаэронавигация" РМК тарапынан аталмыш әуе апатының тұспалды себептеріне қатысты пікір білдіру көзделмеген. Алайда жоғарыда аталған әрі шындыққа жанаспайтын ақпаратты оқи отырып, келесі жайды баян етуге тура келіп тұр: Fokker -100 әуе кемесі және оның алдында ұшып кеткен Аэробус А-321 ұшағы 136 тонналық салмақты көтере алады. Тиісінше, орта деңгейдегі әуе кемесі саналады. Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрінің 2011 жылдың 16 мамырындағы Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы №279 Нұсқаулығының 186-бөлігінде көрсетілгендей, бір ұшу-қону жолағынан орта деңгейдегі әуе кемелерінің минималды ұшып шығу бойынша уақыт аралығы 1 минутты құрайды", – делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, Қазақстан Республикасында бекітілген аралықтар жалпыәлемдік талаптар мен стандарттарға сай келеді. Халықаралық әуежайларда да ұшып шығу мен қону аралықтары дәл осындай тәртіппен белгіленген.

"Объективті бақылау құралының материалдарына сәйкес, жоғарыда аталған әуе кемелерінің ұшып шығу аралықтары 2 минут болған. Тиісінше, аталған ұшақтардың ұшып шығу аралығында уақыт интервалы бойынша ешқандай бұзушылық болмаған", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу