ҚазАгро 2016 жылы 46 инвестициялық жобаны жүзеге асырды

876

ҚазАгро 2016 жылы 46 инвестициялық жобаны жүзеге асырды

ҚазАгро 2016 жылы 46 инвестжобаны жүзеге асырды, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Жалпы, республика бойынша "ҚазАгро" ұлттық холдингі құс фабрикаларын салу жөнінде 24 жобаны мақұлдағанын атап өту қажет. Олардың жалпы құны 46,7 млрд теңгені құрайды, ал жалпы өндірістік қуаты жылына 880,1 млн дана жұмыртқа, 96,4 мың тонна ет дайындайды.

Бүгінгі күні әр жылы қаржыландыруға мақұлданған жобалардың ішінен құны 36 млрд теңгенің 22  кәсіпорны іске қосылды.

ҚазАгро" ұлттық холдингінің инвестициялық қоржыны бүгінгі күні 530 инвестициялық жобаны құрайды, оның жалпы құны 324,0 млрд теңге, құрылған жұмыс орындарының саны пайдалану кезеңінде шамамен 16,0 мың.  Жалпы құны 287 млрд теңгенің 496 жобасы пайдалануға берілді,  шамамен 15,4 мың жұмыс орны құрылды,  оның ішінде  ағымдағы жылы жалпы құны 32,5 млрд теңгенің 46 инвестициялық жобалар іске қосылды,  1390 жұмыс орындары құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу