"ҚазАгро" АҚ басқарма төрағасының міндеті Елнар Жолдасовқа жүктелді

681

Рүстем Құрмановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты, өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

"ҚазАгро" АҚ басқарма төрағасының міндеті Елнар Жолдасовқа жүктелді

"ҚазАгро" холдингі" АҚ басқарма төрағасы Рүстем Жомартұлы Құрмановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты, оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқару Елнар Расилханұлы Жолдасовқа жүктелді.     

Жолдасов Елнар Расилханұлы – 1979 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген.  

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған, 2001-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

14.02.2018 – 14.03.2018 жж.  "ҚазАгро" холдингі" АҚ тәуелсіз директоры, "ҚазАгро" холдингі" АҚ директорлар кеңесінің ішкі аудит және тәуекелдер жөніндегі комитетінің төрағасы болды. 

2018 жылғы  15 наурыздан бастап  "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның қаржы жөніндегі басқарушы директоры - басқарма мүшесі қызметін атқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу