ҚазАгро фермерлерді несиелеу процесін автоматтандырды

865

ҚазАгро фермерлерді несиелеу процесін автоматтандырды

"ҚазАгро" ұлттық холдингі электрондық жүйені енгізеді, ол ауылшаруашылық кәсіпкерлерінің холдингтің еншілес қаржыландырушы желісі бойынша несиелеу процесін біршама жеңілдетпек, деп хабарлайды kazagro.kz.  
Әлеуетті қарыз алушы несие немесе лизинг алу үшін өтінімдерін холдингтің несиелеуші компанияларының офистеріне бармай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде беру мүмкіндігін алады. Бұл жаңалық фермерге өзінің  "Жеке кабинеті" арқылы өтінімдерді қарастыру процесін қадағалауға, кері байланыс алуға мүмкіндік береді.  
"ҚазАгроның" мамандары айтқандай, енгізілген жүйе холдинг компаниясы бойынша қызмет көрсету процесінің ыңғайлылығы мен ашықтығын қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге бюрократиялық рәсімдерді азайтады және сыбайлас жемқорлық факторларының туындауын болдырмайды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу