"ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның акционерінің бұйрығымен холдингтің басқарма төрағасы болып Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлы – 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, құқықтану бакалавры, сонымен бірге Әл-Фараби Атындағы ҚазМҰУ экономика және құқық институтының экономика магистрі дипломы бар.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігінің талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасында бастаған. Әр жылдары "Медикус Центр" ЖШС БК-да басшылық лауазымында болды, "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ Қаржы департаментінің директоры – басқарма мүшесі (2003-2006), ҚР Қаржы министрлігі "Жиынтық-талдау департаментінің директоры (2006-2007), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ басқарушы директоры (2007), "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы (2007-2009), "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы" РМК бас директоры (2010-2012), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ "ҚБТУ" мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты ЖШС бас директоры (2012-2013), "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2013-2016). 2016-2019 жылдар аралығында ҚР Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды, содан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.