"ҚазАгро" ұлттық холдингі алдағы наурыз айынан бастап мүлдем жойылады

1201

"ҚазАгро" ұлттық басқарма холдингінің төрағасы Ербол Қарашөкеев бүгін осылай деді.  

"ҚазАгро" ұлттық холдингі алдағы наурыз айынан бастап мүлдем жойылады

"ҚазАгро" мен "Бәйтерек" біріктіріліп құрылатын жаңа ұлттық компания наурыздан бастап дербес жұмысына кіріседі, деп хабарлайды  Аtameken Business.    

Әзірге қос компания Үкіметке жеке-жеке ұсынысы жасалған жол картасын әзірлеп жатыр. Ол алдағы аптады аяқталып қалмақ. Дегенмен қазір "Бәйтеректің" алдында ішкі құрылымдау шарты тұр. Барлығы 11 еншілес компаниясын ол 2 есеге қысқартуы қажет. Ал "ҚазАгро" құрылымдауын жүргізіп қойған. 7 еншілес компаниядан қазір 3-еуі ғана қызмет істейді. Сондай-ақ бірігетін қос қомпания қаржылық портфелін де реттеп жатыр. Қарашөкеевтің айтуынша, "ҚазАгро"-ның қарызы 744 млрд теңгені құрайды. Оны өтеу мерзімі 2032 жылға дейін деп жоспарланған. Енді бұл борыш толығымен "Бәйтерек"-тің мойнына артылмақ. Себебі жаңа құрылатын холдингке осындай атау беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу