"ҚазАгроҚаржы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

1147

Бұған дейін осы қызметте болған Жұмағали Мыңжасаров өз еркімен жұмыстан босатылған.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ауысты Фото: inform.kz

Данияр Жұмашов "ҚазАгроҚаржы" АҚ ("ҚазАгро" холдингінің құрамында) директорлар кеңесінің төрағасы болды, деп хабарлайды компаниядан.

Бұған дейін осы қызметте болғанг Жұмағали Мыңжасаров өз еркімен жұмыстан босатылыпты.

Данияр Жұмашов қазір "ҚазАгро" ұлттық холдингінің стратегия жөніндегі басқарушы директоры болып табылады.

Мамандығы бойынша экономист, қаржы магистрі, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың ұйымдарында, бизнесте жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Әр жылдары "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ басқармасының төрағасы, сондай-ақ "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ басқарушы директоры сынды лауазымды қызметтерді атқарған.

Айта кетсек, "ҚазАгроҚаржы" АҚ "Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – техника паркін жаңарту мәселесін шешуде көмек көрсету мақсатында құрылған болатын. Қоғам акцияларының 100% "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-на тиесілі. Өз кезегінде холдингтің жалғыз акционерінің функциясын ҚР АШМ атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу