"ҚазАгроҚаржы" сатылмайды

841

Бүгінгі күні "ҚазАгроҚаржы" қоржынында 1 млн 300 мың гектар кепілге қойылған жер бар, несие қоржыны 239 млрд теңгені құрайды.

"ҚазАгроҚаржы" сатылмайды

"ҚазАгроҚаржы" АҚ жекешелендіруге жататын нысандар қатарына кірмейді, деп хабарлайды abctv.kz.

Мемлекеттік комиссия "ҚазАгроҚаржыны" жекешелендірілетіндер тізіміне қоспауды ұйғарды, бірақ әлі қаулы (үкімет) шыққан жоқ", –  деді компанияның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, өткен жылы депутаттар  "ҚазАгроҚаржыны" бәсекелес ортаға берудің тиімсіздігі туралы үкіметке бірнеше рет айтқан болатын. Олар компанияның құрал-жабдықтар мен техниканы қаржылық лизингке берудегі ең ірі ойыншы екенін алға тартты. Сондай-ақ, көптеген шаруа қожалықтары мен фермерлік қожалықтар несие алу кезінде ауылшаруашылыққа арналған жер учаскелерін кепілге қояды.

"Бүгінгі күні "ҚазАгроҚаржы" қоржынында 1 млн 300 мың гектар кепілге қойылған жер бар, несие қоржыны 239 млрд теңгені құрайды, оның ішінде инвестициялық жобалар бойынша Ұлттық қорға 60 млрд теңгеден астам қарыз да бар. Компанияны жекешелендірген жағдайда осы кепілдіктер мен қаржылық қарыздардың не болатындығын үкімет есепке алды ма", - деген болатын мәжіліс депутаты Мұрат Теміржанов.

Оның айтуынша, жекешелендіруді жүргізуге тәуелсіз сарапшы "Делойт ТСФ" тартылған. Бұл компания Еуропа, Азия және Америка елдерінің 86 компания өкілдерімен келіссөздер жүргізген, дегенмен стратегиялық инвестор табылмаған. "Бұл жағдайда "ҚазАгроҚаржының" таратылу қаупі жоғары", – деп қауіптенеді депутаттар.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 1999 жылғы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы негізгі проблемалардың бірі –техникалық паркті жаңарту мақсатында құрылған.

Компания "ҚазАгро" холдингінің еншілесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу