"ҚазАгроның" еншілес компанияларының тек үшеуі қалады

945

Жалпы, 1 мыңға жуық адам қысқартылады.

"ҚазАгроның" еншілес компанияларының тек үшеуі қалады Фото: aikyn.kz

"ҚазАгро" холдингі басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев компанияны трансформациялау жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Президенттің тапсырмасы бойынша біз трансформация бағдарламасын қабылдадық. "ҚазАгро" ықшамдалып, жұмысын жалғастырады, яғни шығындарды қысқартамыз. Алдағы жылдың 1-тоқсанына дейін жеті еншіліс компанияның үшеуін ғана қалдырамыз. Жалпы, 1 мыңға жуық адам қысқартылады, бұл ретте әкімшілік шығындар оңтайландырылады. "ҚазАгроның" басқару органдарын толықтай өзгертеміз", – деді Ербол Қарашөкеев мәжілістің жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, "ҚазАгро" директорлар кеңесіне жоғары білікті шетелдік сарапшылар тартылмақ.

"2020 жылдың қорытындысы бойынша холдингті шығынсыз деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз", – деді Ербол Қарашөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу