"Казахстанская" шахтасында 224 қызметкер жер бетіне көтерілді

726

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.  

"Казахстанская" шахтасында 224 қызметкер жер бетіне көтерілді Фото: gov.kz

Жер астында өрт болған "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында 224 қызметкер жер бетіне шығарылды. 

Бастапқы ақпарат бойынша, апат орныңда дәрігерлерге 13 адам жүгінген. Олар бас ауруы, жөтелге шағымдануда. Қазіргі уақытта төртеуі ауруханаға жатқызылды: екеуі Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі Облыстық медициналық орталыққа.

Еске сала кетсек, 17 тамызда сағат 10:05 Д6 (көкжиек-170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенуі орын алды. Апатты жою жоспары енгізілді. Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болған. 

Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді. 

Оқиға орныңда "КӘАҚҚ" РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу