"Қазахстанская" шахтасындағы өртті сөндіруге бір жыл кетуі мүмкін

379

ТЖ Министрі Сырым Шәріпханов "Казахстанская" шахтасындағы өрттің нақты қашан сөндірілетінін айта алмады.  

"Қазахстанская" шахтасындағы өртті сөндіруге бір жыл кетуі мүмкін Фото: freepik.com

Министр мұндай ірі өрттерді сөндіру бір айдан бір жылға дейін уақыт алуы мүмкін екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Шахталардағы өртті сөндіру — бұл ауыр процесс. Мұндай өрттерді сөндіру оттегінің қолжетімділігін жабу және шектеу арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты арнайы гипс ерітіндісінен жасалған тосқауылдар орнатылады", - деп түсіндірді Шәріпханов.

Жарылыстардан қорғай алуы үшін тосқауылдардың қалыңдығы бір метрден үш метрге дейін жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта 25 тосқауыл орнатылды, алайда біреуінде жоғары температура мен газдану деңгейі артқаны байқалады, сондықтан құтқарушылар әзірге әрекет етпей, күтіп отыр.

"Өртті сөндіру ұзақ уақытты алады. Ол бір айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан қазір күту керек", - деді министр.

17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Казахстанская" шахтасында конвейер таспасы өртенгенін еске саламыз. Сол кезде шахтада 227 адам болды, жер бетіне 222 қызметкер шығарылды. Бес адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу