Қазақ әдебиетінің аса көрнекті ақыны Күләш Ахметова өмірден өтті

297

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті ақыны Күләш Ахметова өмірден өтті Фото: qaz365.kz

Қазақ поэзиясына өшпес із қалдырған белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметова дүниеден озды.

Министрлік марқұмның отбасына, туған-туысына, әдеби қауымға және барша халқына көңіл айта отырып, Күләш Ахметованың ұлттық әдебиетке қосқан зор еңбегін атап өтті.

– Күләш Ахметова – нәзік лиризмге толы жырларымен, азаматтық асқақ үнімен және ұлттық руханиятқа сіңірген өлшеусіз еңбегімен қазақ поэзиясында ерекше орын алған тұлға. "Ақ гүлім менің", "Сен менің бақытымсың", "Бұлақтағы жұлдыздар", "Мейірім", "Жапырақ – жаздың жүрегі" атты жыр жинақтары бірнеше буынның рухани қалыптасуына ықпал етті. Оның жарқын бейнесі мен мол мұрасы халық жадында мәңгі сақталады. Өмір жолы мен шығармашылығы жас ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді. Топырағы торқа, иманы жолдас болсын, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу