Қазақ анимациясы АҚШ-тағы халықаралық фестивальде жүлде алды

218

Туындының авторлық қолтаңбасы мен көркемдік ерекшелігі назар аудартты.    

Қазақ анимациясы АҚШ-тағы халықаралық фестивальде жүлде алды Фото: kazislam.kz

"Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі шығарған "KÖLEÑKE" анимациялық жобасы АҚШ-та өткен PFCAT (Portland Festival of Cinema, Animation & Technology) халықаралық фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

18+ туынды хоррор-анимация жанрында "Өзгеше көзқарас пен шығармашылық шеберлік үшін" марапатталды. Фестиваль қазылары жобаның авторлық қолтаңбасы мен көркемдік ерекшелігін жоғары бағалаған.

Анимациялық жобаны отандық мамандардан құралған шығармашылық топ әзірледі. Сценарий авторы – Ернар Тілеубаев, қоюшы режиссері – Мақсат Аяпов, қоюшы суретшісі – Даир Жиенқұлов, атқарушы продюсері – Нұржігіт Сұлтанберді.

Сонымен қатар "Қазақанимацияның" фолк-хоррор жанрындағы "Su perisi" және "Shańyraq" драмасы фестивальдің негізгі бағдарламасына енді. Туынды Портленде алғаш рет шетелдік көрерменге ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу