Қазақ анимациясының кенже қалу себебі айтылды

"Қазақ анимациясы" "Қазақфильмнен" ажырай ала ма? 

Қазақ анимациясының кенже қалу себебі айтылды Фото: old.baq.kz

Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің "Креативті индустрияны дамыту туралы" отырысында осы мәселе талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін продюсер Алмас Жали "Қазақ анимациясы" бірлестігін тәуелсіз ұйым етуді ұсынған болатын. Жиыннан соң креативті индустрияны дамытуды көздейтін заң жобасын әзірлеуші жұмыс тобының жетекшісі, депутат Нартай Сәрсенғалиев өз ойын айтты.

– Анимация өкілдері "Қазақ анимация" шығармашылық бірлестігін "Қазақфильмнен" бөлек шығарыңыздар" деп отыр. Шынын айтсақ, біз анимациямыздың деңгейі кенже қалғанын білеміз. Сала маманының өзі "тіпті "Болашақпен" оқып келген мамандарды қосымша оқыту керек" дегенді айтты. Демек, бізде лайықты мамандарды шетелге жіберу іріктеуінде мәселе бар деген сөз", – деді ол.

"Қазақ анимациясы" бірлестігі "Қазақфильмнің" құрамында болған уақытта өндіріп жұмыс істемеген. Сондықтан, бөлек шығаруды депутат та қолдап отыр.

– Мен "Қазақ анимациясы" бірлестігін "Қазақфильмнен" бөлу туралы ұсынысты дұрыс деп есептеймін. Сонда олар мемлекеттің мойнына салмақ сала бермей, өздері де қаражат табуға әрекеттенер еді. Мамандар айтты, Ресей мен Украинадан қаншама аниматорлар келіп жатыр?! Соның көбі – 3D анимация жасайтын мамандар. Олар біздің бюджеттің ауқымды бөлігін әкетіп жатыр. Сондықтан біз бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауымыз керек, – дейді Нартай Сәрсенғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу