Қазақ әншілері "Голос" байқауының финалына шықты

1584

Әнші Әлішер Кәрімов пен Әміре деген атпен танымал Ернар Сәдірбаев рейселік "Голос" шоуының финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақ әншілері "Голос" байқауының финалына шықты Фото: tengrinews.kz

Дима Биланның тобындағы Әміре мен Ильхом Тагиров (Тәжікстан) сынасты. "Подбери музыку" композициясын орындаған жерлесімізге тәлімгерден 60%, көрерменнен 62% дауыс алып, ақтық кезеңге өтті.

"Ернар! Ғажап вокалдық мүмкіндіктер. Таң қалам. Жоғары ноталарды жеңіл аласыз, бірақ ыңғайсыз өтпелі ноталардың өзінен жаңылыспай таза алдыңыз. Мықты дауыс", – деді жюри Агутин.

"Кейбір әншілер жоғары нотаны алғанда қазір ала алмай қала ма деп қорқып отырамын. Ал Ернар, сізді тыңдағанда еш уайымдамаймын", – деді жюри Пелагея.

Марқұм Градскийдің тобында болған Әлішер Кәрімов "Я тебя никогда не забуду" әнін шырқады. 

"Әлішер, біздің шебер (Градскийді айтады - авт.) қазір сізді мақтан тұтар еді деп айта аламын. Жүрекке жеткіздіңіз. Бәрі менің жас жуған жүзімнен көрініп тұрған шығарсыз", – деді Пелагея.

"Әлішер, сіз ғарыштасыз. Мен Пелагиямен келісемін, шебер сізді мақтан тұтар еді. Сіз самғап жүрсіз. Сіз қайда қаласаңыз сол жаққа ұшып бара аласыз. Сізге рахмет", – деді Дима Билан.

Финалисті көрермендер дауыс беру арқылы таңдады. Нәтижесінде, Әлішер Кәрімов 52 пайыз, Татьяна Качурина 48 пайыз алды. 

"Голостың" финалында қазақ әншілері бірінші рет өнер көрсетеді. Байқауда тек Ресей халқы ғана дауыс бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу