Қазақ әскері Ресейден кейін екінші орын алды

1373

Қазақстан командасы Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде өтіп жатқан "Эльбрус шеңбері" конкурсында бірінші кезеңнің екі арнайы тапсырмасын орындау нәтижесі бойынша екінші орынға тұрақтады. Ресей командасы көш бастап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақ әскері Ресейден кейін екінші орын алды

Алғашқы конкурстық сайыстар барысында қатысушылар жасанды тау бедеріне шабуыл жасап, таулы жерде бағдарлауды пысықтады. Бірінші кезең шеңберінде жауынгерлер тағы үш арнайы тапсырманы орындайтын болады.

Үш кезеңнен тұратын конкурстар барысында қатысушылар арнайы тапсырмаларды орындайды. Ең күрделісі екінші кезең болмақ. Онда әскери қызметшілер биік тау жағдайында марш жасайды. Ал үшінші кезеңде олар Эльбрус шыңын бағындырмақ. Оның биіктігі – 5 642 метр.

Жарысқа тоғыз елден келген командалар қатысуда. Олар – Абхазия, Армения, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Өзбекстан және Оңтүстік Осетия.

Халықаралық конкурста ел намысын Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан Таудағы даярлық орталығының әскери альпинистері қорғайды. Жарыс Кабардин-Балқардағы (РФ) "Терскол" таудағы полигонында өтуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу