Араб жігіті қазақ жерін қорғап жүр

303

Ол Өскемендегі Қасым Қайсенов атындағы №27943 әскери бөлімінде қызмет етіп жүр.

Араб жігіті қазақ жерін қорғап жүр Фото: видео скриншот

Желіде әскерде қызмет етіп жүрген араб жігітінің видеосы тарады. Бейнежазба TikTok-та 1 миллионға жуық қаралым жинаған. Қолданушылар жігіттің қазақша сөйлегеніне тәнті болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен Алматыда дүниеге келдім. Балалық шағымды Судан мен Сауд Арабиясында өткіздім. 2-сыныпқа дейін сонда тұрып, кейін Қазақстанға көшіп келдім. Ұлтым – араб. Метиспін: анам – қазақ, әкем – араб", – дейді ол. 

Оның айтуынша, әскерге баруына әжесінің септігі көп.

"Армияға келмей тұрып әжеммен әскер жайлы көп әңгімелесетінбіз. Сол кездері әскер туралы көзқарасым мен ойым көпшілікпен бірдей еді: 90-жылдар, әлімжеттік көрсету, өлім мен ұрып-соғу. Әжеммен әңгімеден кейін әскерге барамын деп шешім қабылдадым. Неге десеңіз, мұнда тәртіп мықты, өзіңді қадағалауың, тәрбиелеуің және физикалық шынығуың керек", – дейді ол. 

Абдалла Салих әскерде зениттік дивизионының қамтамасыз ету взводында наубайшы-жүргізуші мамандығын меңгерген. Қазір осы қызметті атқарып жүр. Оның айтуынша, әскери өмір қызық, бірақ өзінің қиындықтары да бар. 

Абдалла Салих қазақ тілін қашан және қалай меңгергенін айтып берді. 

"Қазақ тілін Қазақстанға көшіп келген кезде мектепке бару үшін үйрендім. Алғашында тіл айырмашылығы мен сөйлеу жағынан қиындықтар болды, әрине. Бірақ жалпы алғанда екі тіл бір-біріне ұқсас болған соң, аз уақытта үйреніп, сөйлеп кеттім", – дейді ол. 

@shygys.aqparat

Өскемендегі Қ. Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде Арабтың баласы Алаштың жерін қорғап жүр.

♬ оригинальный звук - SHYGYS AQPARAT

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу