Футболшыға қазақ жігіті тамаша тарту жасап, ерекше қуантты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақ блогері Дастан Мұхамедрахым онымен блогинг пен цифрлық контент саласындағы беделді халықаралық сыйлықтардың біріне арналған кеште жолыққан.
– Поль Погбамен дастарқандас болып, нөмір алмасып, коллаб жасайтын болып келістік. Тіпті, ұлттық нақыштағы өзіміздің отандық бренд киімдерін де сыйға тарттым. Арқасына жекетін жауып, қолына тақиясын да ұстаттым, – деп жазды блогер.
Оның сөзінше, әңгіме барысында футболшыға Қазақстанның табиғаты көрсетілген.
– Әңгімеміз өрбіп, еліміздің табиғатын көрсеттім. Қатты қызығып, келгісі келіп жатыр. Алдағы уақытта Поль Погбаны Қазақстанымызда күтеміз, – дейді блогер қуанышын жасыра алмай.
Жаза кеткен жөн, бұған дейін блогер америкалық актер Уилл Смитке де ұлттық шапан жапқан еді.