Қазақ боксшылары Мәскеуде қарсыластарын нокаутқа жіберді

1391

Асан Райымбек жергілікті боксшы Дмитрий Рахмановқа қарсы айқас өткізген. Ғалым Шағатай ресейлік Александр Салтыковпен жұдырықтасты.  

Қазақ боксшылары Мәскеуде қарсыластарын нокаутқа жіберді

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Асан Райымбек пен Ғалым Шағатай Мәскеудегі бокс кешінде ресейлік қарсыластарын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан кәсіпқой боксы" ВКонтакте парақшасында мәлім еткендей, @Tukeshov_Boxing компаниясының атынан шыққан Асан Райымбек жергілікті боксшы Дмитрий Рахмановқа қарсы айқас өткізген. Бірінші раундтың үшінші минутында-ақ қазақстандық қарсыласын ногдаунға жіберген. Раунд соңында ресейлік жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Асан Райымбек кәсіпқой бокс карьерасында екінші мәрте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп отыр.

Ал Ғалым Шағатай Мәскеуде бұл жолы кәсіпқой рингте төртінші кездесуін өткізді. Қазақ боксшысы ресейлік Александр Салтыковты ұзаққа апарған жоқ. Екінші раундта нокаутқа жіберді. Осылайша, Ғалым бірінші жартылай орта салмақта ProBox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы титулын жеңіп алды.

Айта кетейік, @Tukeshov_Boxing промоутерлік компаниясы Ғалым Шағатайға үлкен үміт артып отыр. Қазірдің өзінде компания боксшыны аймақтық WBC белдігі үшін айқасқа шығару үшін келіссөз жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу