Қазақ боксшылары Венгриядағы турнирден бес алтын жеңіп алды

556

Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы мемориал аяқталып, қазақстандық боксшылар бес алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақ боксшылары Венгриядағы турнирден бес алтын жеңіп алды Фото: olympic.kz

Ұлттық құрама сапынан Асхат Жүсіпов (48 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бeйбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) және Ерасыл Жақпеков (80 келі) чемпион атанды.

Асхат Жүсіпов финалда украиналық Андрей Тишковецті жеңсе, Асылжан Серікбай венгриялық Роланд Верештен басым түсті.

Бейбарыс Жексен венгриялық Крузито Ковачты ұтса, Ертуған Зейнуллинов Ричард Ковачты тізе бүктірді.

Ерасыл Жақпеков венгриялық Пал Ковачты жеңді.

Күміс жүлдегерлер қатарында Даниял Сәбит (51 келі), Кенже Мұратұлы (54 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі) бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу