Бүгін Қазақстан боксынынан біраз бапкерлер мен мамандар жұмыстан кеткен тұста, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасында жазылған.
– Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды. Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз: 1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды. 2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, – делінген ақпаратта.