Қазақ дзюдошылары Бразилиядағы сурдлимпиадада тағы 3 медаль жеңіп алды

828

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан 24-ші жазғы сурдлимпиадалық ойындарда қазақстандық дзюдошылар тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясы.

Қазақ дзюдошылары Бразилиядағы сурдлимпиадада тағы 3 медаль жеңіп алды

Әділбек Нұрмұхамед 60 келіге дейінгі салмақта финалда ғана қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Шаяхмет Қанапиянов 73 келіге дейінгі салмақта қола медаль иегері атанды. Оған қоса Фериде КараОглы 48 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.

Осылайша, қазақстандық сурдодзюдошылар медаль санын 4-ке жеткізді. Мұнда сурдодзюдодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Хайролла Лукмановтың сіңірген еңбегі мол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу