"Қазақ еліне +1 миллиардер": Ресейден шыққан ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды

801

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ресей-американ кәсіпкері Алекс Машрабовтың Қазақстан азаматы атанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақ еліне +1 миллиардер": Ресейден шыққан ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды Фото: facebook.com/zhaslan.madiyev?locale=ru_RU

Министрдің айтуынша, Алекс Машрабов Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы. Ал Higgsfield деген стартап – генеративті жасанды интеллект (AI) негізінде визуалды контентті (бейнелер мен суреттерді) жасауға және өңдеуге арналған халықаралық технологиялық компания. Стартап Қазақстан тарихындағы алғашқы "единорог" (Unicorn), яғни нарықтық бағасы 1 миллиард доллардан асқан алғашқы стартап.  Оның негізін рсы Алекс Машрабов пен қазақстандық Ерзат Дулат жасаған. Компанияның бас кеңсесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан.

Бүгін Жаслан Мәдиев Ресей азаматы болған Алекс Машрабовқа Қазақстанның көк паспортын табыстады.

"Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматының төлқұжатын қуана табыстадым. Биылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Осы маңызды оқиғамен құттықтаймын", – дейді Мәдиев.

Жалпы, Мәдиевтің айтуынша, президент жасанды интеллектіні дамытуға және таланттарды қолдауға ерекше мән берген. Сөз соңында ол Алекске алғыс айтқан.

"Алекс, Қазақстанға сенім білдіріп, еліміздің азаматы болуды таңдағаныңыз үшін рақмет. Бірлесе таланттарды қолдап, жаңа өнімдер жасап, Қазақстанның технологиялық әлеуетін нығайтамыз деп сенемін", – деп жазған Мәдиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу