Қазақ еліне белгілі азамат зейнетақы алудан бас тартқан

707

Қазақ еліне белгілі азамат зейнетақы алудан бас тартқан

ҚР еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова зейнетақыдан бас тарту оқиғасы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Мен министрлікке келгелі бері бір рет қана ондай жағдайға тап болдым. Қазақ еліне белгілі азамат, тұлға деуге болады, зейнетақыдан бас тартты. Ол кісі 20 жыл бойы зейнетақыға өтініш бермей жүрді. "Мемлекетіме рақмет, бәріне шүкір-тәуба, осы уақытқа дейін жиып-тергенім өзіме жетеді" дейді. Ол елші болып жұмыс істеген", - деді Светлана Жақыпова үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында. 

Оның айтуынша, ол адам біраз уақыт өтініш жазбай жүрсе де, артынан зейнетақы алуға келіскен.

"Біз онымен сөйлестік, бәрін түсіндірдік. Негізі, заң бойынша зейнет жасына келген адам құзіретті органға барып, өтініш беруі керек. Ол кісі өтініш берген жоқ. Біз онымен жұмыс жүргіздік. Айтып түсіндіргеннен кейін өтінішін алдық. Былтырдан бастап төлемдерді бере бастадық", - деді Светлана Жақыпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу