Қазақ ғалымы ТМД елдері бойынша басшылық қызметке келді

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми парақшасы жазды.

Қазақ ғалымы ТМД елдері бойынша басшылық қызметке келді Фото: gov.kz

Мәскеу қаласында Ресей ғылым академиясының Бас ботаникалық бағында ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесінің VIII съезі өткен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Съезд аясындағы есеп беру-сайлау конференциясының қорытындысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты "Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК бас директоры Гүлнара Ситпаева Кеңес төрағасы болып сайланды. 

– Кеңес өсімдіктердің биологиялық әртүрлілігін сақтау, тірі өсімдіктердің ғылыми коллекцияларын, тұқым банктері мен генетикалық ресурстарды дамыту бағытында ТМД елдері ботаникалық бақтарының күш-жігерін біріктіреді.

Бұл – қазақстандық ғалымның кәсіби беделінің және отандық ботаника ғылымының халықаралық деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі.

Гүлнара Тоқбергенқызын жаңа жауапты қызметке сайлануымен құттықтаймыз! Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда және бірлескен ғылыми бастамаларды жүзеге асыруда табыс тілейміз! – делінген ресми хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу