Парламент кітапханасында "Қазақ халқының тарихы" кітабының тұсаукесері өтті. Репрессияға ұшыраған қазақ тарихшысы, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбаевтың бұл еңбегі орыс тілінде алғаш рет 1925 жылы жарық көрген. Енді, араға 100 жыл салып, бұл құнды еңбек мемлекеттік тілде ұсынылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белгілі болғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтай отырысында өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру мәселелеріне ерекше мән беріп, ұлттық мүддемізге сай келетін кітаптардың басып шығарылуы қажеттігін атап өткен болатын.
Мемлекет басшысы кітап басып шығару ісін идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі ретінде айқындады.
Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев атап өткендей, Мұхамеджан Тынышбаевтың еңбегінің қазақ тіліне аударылып, кең аудиторияға қолжетімді болуы ұлттық рухани мұраны жаңғырту жолындағы маңызды қадам.
Халық қалаулысы бұл еңбектің ұлттық тарихты терең түсінуге ықпал ететін құнды зерттеу екенін ерекше атап өтті.
"Бұл кітап – халқымыздың ұлт ретінде қалыптасу жолындағы маңызды тарихи құжат. Мұхамеджан Тынышбаев – тек көрнекті саясаткер ғана емес, сонымен қатар халқымыздың өткенін ғылыми негізде саралаған алғашқы зерттеушілердің бірі. Оның бұл еңбегі бүгінгі ұрпаққа тарихымызды өз көзімізбен, өз деректеріміз арқылы тануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл жинақтың қазақ тілінде жарық көруі – ұлт үшін үлкен олжа", – деді Елнұр Бейсенбаев.
AmalBooks баспасының негізін қалаушы, жазушы Бақытжан Бұқарбай бұл еңбектің қазақ тіліне аударылуын отандық ғылымдағы үлкен қадам әрі тарихи жауапкершілік деп санайды.
"Бұл кітап – халқымыздың ұлт ретінде қалыптасу жолындағы маңызды тарихи құжат. Мұхамеджан Тынышбаев – көрнекті саясаткер, "Алаш" қозғалысының негізін қалаушылардың бірі ғана емес, сондай-ақ өткенімізді ғылыми тұрғыдан талдаған алғашқы зерттеушілердің бірі. Оның еңбегі қазіргі ұрпаққа тарихымызға отандық дереккөздер негізінде қарауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл кітаптың қазақ тілінде жарық көруі – үлкен әрі маңызды жетістік", – деді ол.
Бұл кітап сөзсіз жас ұрпақтың тарихи дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық бірегейлікті нығайтуға үлес қосады.