"Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі Омбыда көрсетіледі

4962

Кинотуындының көрсетіліміне Омбы қаласындағы ҚР Бас консулы және басқа да құрметті қонақтар шақырылған.  

"Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі Омбыда көрсетіледі

Ертең Омбы қаласының "Вавилон" кино орталығында Ресейдегі Қазақстан киносы фестивалі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ведомствоның басапсөз қыметі.

Айта кетсек, тарихи фильм қазақ тілінде (орыс тілінде титрлері бар)  көрсетіледі. Туындың режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист әрі суретші Рүстем Әбдірашев. 

Бұл ауқымды тарихи фильм Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романының негізінде  жазылған "Қазақ хандығы" кинодиологиясының бірінші бөлімі.

Естеріңізге сала кетсек, бұл фильм 15 ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи орындары туралы баяндайды. "Қазақ хандығы" жобасының идея авторы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу