АҚШ-та Қазақстан киносының күндері өтуде

919

АҚШ-та Қазақстан киносының күндері өтуде

Лос-Анджелесте (АҚШ) Қазақстан киносының күндері өтуде, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Сабан театрында  "Spirit of the Great Steppe" - "Ұлы дала рухы" атты ұлы мәдени іс-шараның ресми бөлігі өтті. Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырды.

Америкалық аудиторияға "Қыз Жібек", "Алмас қылыш", "Анаға апарар жол" және "Оскар" сыйлығына ұсынылған,  ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы туралы баяндалған "Балалық шағымның аспаны" фильмі ұсынылды.

"Бұл іс-шара екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынас тарихында қалатыны  сөзсіз! "Spirit of the Great Steppe" - "Ұлы Дала Рухы" атты шарамыздың  көздеген мақсаты - америкалық көрермендерді  Қазақстанның бай ұлттық - мәдени мұрасымен таныстыру болып табылады", - деп атап өтті ашылу салтанатында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу