Қазақ көкпаршылары бүгін қытайлық қарсыластарын ірі есеппен ұтты

869

Қазақ көкпаршылары бүгін қытайлық қарсыластарын ірі есеппен ұтты

Бүгін Астанадағы "Қазанат" атшабарында Көкпардан I әлем чемпионатының төртінші күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойын қорытындысы бойынша, Моңғолия көкпаршылары Түркияны 10-7 есебімен ұтты, өзбек көкпаршылары АҚШ кобвойларын 11-1 есебімен жеңді, қырғыз көкпаршылары да тәжік спортшыларын 15-2 есебімен қапы қалдырды, ал Ауғанстан көкпаршылары ресейліктерден 5-1 есебімен басым түсті, Венгрия көкпаршылары әзербайжандарға ұпай бермеді, есеп 3-0, ал Қазақстан көкпаршылары ҚХР спортшылары 14-5 есебімен ойсырата жеңді.

Ертең 25 тамызда жарыс сағат 09.00-де басталады, алғашқы кездесуде Моңғол республикасы мен Тәжікстан көкпаршылары күш сынасады.

Айта кетейік, жарысқа әлемнің 11 мемлекетінен 200-ге жуық көкпаршы қатысуда.  Жеребе нәтижесінде "А" тобына Қырғызстан, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Моңғолия және Тәжікстан сынға түсіп жатса, "В" тобында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Венгрия, Қытай мен Ауғанстан өзара мықтыларды анықтауда. Жарыстың жалпы жүлде қоры  - 18 млн теңге.  I орын - 10 млн теңге, II орын - 5 млн теңге, III орын - 3 млн теңге. Халықаралық шараны ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР "Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы" ұйымдастыруда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу