Қазақ-корей ықпалдастығының аясы кеңейеді

221

Бүгін екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп күтіліп отыр.

Қазақ-корей ықпалдастығының аясы кеңейеді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің елімізге жасаған алғашқы сапарын тарихи оқиға деп бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қонақжай қазақ еліне қош келдіңіздер деп айтқым келеді. Бұл сіздің Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарыңыз. Мұны тарихи оқиға деп бағалаймыз. Біз Оңтүстік Кореяның экономикалық жетістіктеріне және корей халқының мәдениеті және дәстүріне ерекше қызығушылықпен қараймыз. Қазіргі таңда елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастың тың серпінмен әрі қарқынды дамып келеді деп нық сеніммен айтуға болады. Біз өзара қарым-қатынаста ұлттық мүдделерімізді құрметтейміз. Соның арқасында ынтымақтастықтың тиімді үлгісін қалыптастырдық", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қол қойылатын бірқатар құжат пен бірлескен мәлімдеме соның айқын дәлелі екенін айтты. 

"Бүгінгі келіссөздер қазақ-корей ықпалдастығының аясын кеңейтіп, екіжақты байланысты жаңа белеске көтереді деп сенемін",  - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу