Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты сатылымға қойылды

2160

Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты сатылымға қойылды

Бүгін еліміздегі мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру бойынша электронды сауда айналымында "Құрмет белгісі" орденді қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты" АҚ мен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы" АҚ-ның жүз пайыз акцияларын сату сәтті болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай жағдай  сатып алушылар қызығушылығының төмендігінен орын алды. Сауда айналымының басында конкурсқа қатысушылар тарапынан веб-порталға екі ұсыныс түскен. Сондай-ақ, конкурс электронды тендер түрінде өтіп, тізілімнің арнайы веб-парақшасындағы жабық электронды конвертте қатысушылардың баға ұсыныстары болуы керек-ті.

Екі акционерлік қоғам да ҚР денсаулық сақтау министрлігіне қарайды, ал сатылымға қойған - ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Қос нысан негізіндегі кепілдік жарна қатысушылар үшін 68 070 000 теңгені құрайды. Бастапқы баға бойынша Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты - 3 025 437 000 теңге, ал Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы 4 412 117 000 теңге болып бекітілді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу