Қазақ күресі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізіле ме?

1826

Бұл сұраққа Халықаралық федерациясының президенті Қанат Бозымбаев жауап берді.

Қазақ күресі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізіле ме?

"Әрине, бұл біздің мақсатымыз. Алайда оған жету үшін бірнеше жыл уақыт қажет. Осы уақытқа дейін біздің федерация құрамына 29 шетел және екі халықаралық спорт ұйымы кірді. Жақын арада бізге тағы 10 мемлекет қосылады деген үміттеміз. Біз осы елдердің ұлттық чемпионаттарында тұрақты жұмыс жасауды мақсат тұттық. Федерацияда кем дегенде 40 шетелдік федерация болған кезде, біз Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен Халықаралық Олимпиада Комитетімен келіссөздерді бастаймыз деп үміттенемін",– дейді Қанат Бозымбаев.

Федерация басшысы жақында қазақ күресінін Азия және Әлем чемпионаты жоспарланып жатқанын айтты. Азия чемпионаты биыл 16-17 тамызда Моңғолияда өткізілмек. Дегенмен, Qazaq kuresi-нің алдағы жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасына енуінен үміт аз екенін жеткізді.

"Жуырдағы олимпиададан үміт аз. Әрине, кейбір халықаралық федерациялар тарапынан қызығудың да, қызғаныштың да бар екені жасырын емес. Мәселен, Халықаралық дзюдо федерациясындағы әріптестеріміз спортшыларға Qazaq kuresi-нен жарыстарға қатысуға тыйым салады. Дегенмен қазақ күресі мен дзюдо бір-бірін байыта алар еді. Біз өз палуандарымызға тыйым салмаймыз, олар өздері қалаған жерде күресіп, барынша мықты техниканы меңгергені игі. Сондықтан біз Халықаралық Олимпиада Комитетімен жұмыс істеп, федерациялар арасында әріптестік диалог құрамыз деп ойлаймын",– деп жауап берген сұхбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу