Kures еуропалық федерациясы қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосуды ұсынды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
"Біз күресті дзюдоға ұқсас ойын түрі ретінде жасағымыз келеді. Қазір дзюдоның ережесі өзгеріп, күреске ұқсап барады. Бірқатар ерекшеліктерді біз де қазақ күресіне енгізбекпіз. Мен қорықпай, эксперимент жасау керек деп есептеймін. Қазір біз қарапайым күресті өткізіп жатырмыз. Бұл өте жақсы. Дегенмен күресті қазіргі жағдайға лайықты және түрі шамалы өзгерген спорт түрі ретінде көреміз. Өздеріңіз білетіндей, Олимпиада ойындарынан алып тастамақшы болған классикалық және еркін күресте де бірқатар мәселелер туындаған. Осыларды ескеру қажет. Болашақта күресті Олимпиада ойындарының бағдарламасынан көруді бәріміз қалаймыз деп ойлаймын", - деді журналистерге Kures Еуропа федерациясының президенті Карен Арутюнян.