Қазақ күресінен "Әскер барысы" анықталды

822

Қазақ күресінен "Әскер барысы" анықталды

Шымкент қаласында әскери қызметшілер арасында қазақ  күресінен ел біріншілігі өтті. "Әскер барысы" деп аталатын балуандар бәсекесінде барлық күштік құрылымдардан келген отыз жігіт өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды 24.kz.

Қорғаныс министрлігінің спорт комитеті мен Армия орталық спорттық клубы ұйымдастырған сайыста жеңіске жеткен балуан "Қазақстан барысы" республикалық турниріне жолдама алады.

Өткен жылы "Әскер барысы" турнирінің жеңімпазы атанған Еламан Ерғалиев Қазақстан барысын да қоса жеңіп алған болатын.

Сонымен, Шымкент қаласында өткен турнирде жеңіс тұғырына қарсылас шақ келтірмеген Армия орталық спорттық клубының палуаны Ерасыл Кажыбаев көтерілсе, екінші орынға Мемлекеттік Күзет қызметінен келген Әлібек Зекенов ие болды. Ал үшінші орын Ұлттық Ұлан өкілі Олжас Шыныкеевке бұйырды. 

"Мақсат іріктеп бір әскери қызметшіні "Қазақстан барысына" қатыстыру. Ол іріктеусіз жарысқа қатысады. 2017 жылдың "Әскер барысы" Ералиев Еламан "Қазақстан барысы" атанды", - дейді ҚР қорғаныс министрлігі спорт комитетінің төрағасы Расул Мейірманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу